Accessibility links

НАТО Талибанға қарсы шабуылдарға дайындалуда


Қандағар аймағындағы ауылдар тұрғындарының елді мекендерін тастап шығуына шақырған үнпарақтарды НАТО тікұшақтары таратуда. Себебі, Талибандармен күрес үшін бүгін әскерилерді тасушы ұшақтарын Ауған армиясы Қабылдан Қандағарға жөнелтуде. Халықаралық қауіпсіздік сақтау күштері құрамындағы Канада әскері де осы аймаққа асығуда. Дүйсенбіде 500-дей талибан жауынгерлері Қандағар аймағындағы ауылдарға шоғырланған болатын. Ал, демалыс күндері осы қаладағы бас түрмеден бір мыңнан аса тұтқындардың қашып шығуына сол Талибан жауынгерлері өздерінің тұтқиыл шабуылдары арқылы көмектескен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG