Accessibility links

Атырау қаласының басшылары көшелердегі сиырларды қасапханаға жібереміз деп ескертті


Көшелерде жайылып жүретін сиырлар қаланың жасыл желегін кеміріп жеп қояды. Жол қозғалысына кедергі келтіріп, апатты жағдайлардың туындауына себеп болады деп қала әкімшілігінің бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, мүйізді ірі қара көшеде қаптап жүреді.

«Енді оларды ұстап қасапханаға жібереміз. Сойылған малдың етін қарттар мен жетім балалар үйлеріне таратамыз», - деп мәлімдеген қала әкімінің орынбасары Бақыт Иманғалиев.
XS
SM
MD
LG