Accessibility links

Кубаға қарсы тиымдарын алып тастауға Еуроодақ келісті


Алайда Коммунистік бұл елде адам хұқының қорғалуын жақсартуды одақ талап етпекші. Осы жөніндегі мәлімдемені Еуропа одағының Сыртқы істер бойынша комиссионері Бенита Ферреро-Уалднер ханым Брюссельдегі саммитте жариялады. Аталған тиымдар 2003-ші жылы енгізіліп, екі жылдан кейін тоқтатылған болатын. Ол тиымдарды алып тастаудағы мақсат – жаңа президент Рауль Кастроны көбірек реформалар жүргізуге ынталандыру. Рауль биылғы ақпанда Куба елінің билігін ағасы Фидельден өз қолына алған болатын.
XS
SM
MD
LG