Accessibility links

Кубаның экс-президенті коммунистердің ішінен жік шыққанын жоққа шығарды


ГАВАНА: Фидель Кастро Куба коммунистерінің ішінен жік шықты деген қауесетті теріске шығарады. Денсаулығына байланысты Куба басшылығынан кетуге тура келген Ф.Кастроның ресми сайтында берілген түсініктемеге қарағанда, компартияның ішінде Рауль Кастроның жүргізген саясатына деген ешқандай наразылық жоқ. Фидельдің 77 жастағы інісі Рауль - “Бостандық аралына” ақпан айында басшы болып отырды. Ол бірқатар реформаны іске асырды, оның ішінде компьютер мен мобил телефондарын еркін сатуға, автокөлікті жалға алуға рұқсат берді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG