Accessibility links

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Азия мен Еуропаны қосатын жол салуға келісті


АСТАНА: Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Азия мен Ресейдің және Еуропаның арасындағы сауда қатынасын жетілдіруге септігін тигізетін жолдардың құрылысын 2.5 млрд. доллар көлемінде бірге қаржыландыру туралы келісімге келді. Бұл жоба Қазақстанның бәсекелестік қабылетін күрт өсіріп қана қоймай, бүкіл Орта Азия аймағына орасан зор экономикалық пайда беруге тиіс. Жобаны бірлесіп қаржыландыру туралы Қазақстан мен Халықаралық қаржы инстиутының өзара келісімге келгендерін премьер-миистр К.Мәсімов пен Қазақстанда 3 күндік іссапарда болған Дүниежүзілік банктің президенті Роберт Зеллик хабарлады.
XS
SM
MD
LG