Accessibility links

Қазақстан президентінің туған күні – республиканың мемлекеттік мерекесі


АСТАНА: Бүгін Қазақстан парламенінің Сенаты “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға қосымша енгізу туралы” заң жобасын мақұлдады. Сенаттың әлеуметтік-даму комитетінің қорытындысында айтылғандай, заңға енгізілген қосымша жаңа мемлекеттік мерекені – Қазақстан халқы үшін тарихи-мәдени маңызы бар 6-шілде – “Астана күнін” белгілеу мақсатында әзірленді. Басқаша айтқанда, Қазақстанды ұлттық тәуелсіздігіне дейін және қазір де үзіліссіз 19 жыл билеп келе жатқан президент Н.Назарбаевтың туған күні “мемлекеттік мереке” ретінде қабылданып отыр.
XS
SM
MD
LG