Accessibility links

Қазақстанда сүт безінің ісігі ауруына шалдыққан әйелдердің тең жартысы көз жұмады


АСТАНА: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2007-нші жылы бүкіл әлемде қатерлі ісікпен ауыратын әйелдердің саны 1.5 миллионға жеткен. Ал Қазақстанда қатерлі ісік ауруларының ішінен сүт безінің ісігі бірінші орынға шығып отыр. Егер республикада жыл сайын 3 мыңнан астам әйел осы ауруға шалдықса, оның 1.5 мыңға жуығы сол дертінен көз жұмады. Мамандар бұл дерттің асқынуына ең басты себеп - әйелдердің дәрігерге тым кеш қаралуы дейді.
XS
SM
MD
LG