Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті Түркмен билігінің “Азаттық” тілшісін тұтқындауын айыптады


Журналистерді қорғау комитеті Түркмен билігін репортер Сазақ Дұрдымұрадовты қамауға алғаны үшін айыптады. Аталған комитет “Азат Еуропа / Азаттық радиосы” Түркмен қызметінің тілшісі Дұрдымұрадовты тез арада босатуға шақырды. Осы аптаның басында Дұрдымұрадов “Азаттықтағы” жұмысын тоқтатудан бас тартқандығы үшін тұтқындалып, қинап-азапталды деп хабарланған болатын. Адам құқықтары бойынша халықаралық “Amnesty International” ұйымының айтуынша, Түркмен билігі тәуелсіз журналистердің үнін өшіруге тырысып жатыр.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG