Accessibility links

Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануы одан әрі жалғасуда


Солтүстік Корея бүгін өзінің ядролық кешеніндегі мұнаралық салқындатқышын қиратты. Оңтүстік Кореялық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йонбён зауыты халықаралық журналистердің алдында қиратылған. Ал оның алдында Солтүстік Корея бұрынғы ядролық әрекеттері туралы баяндамасын Қытайға тапсырған болатын. АҚШ президенті Джордж Буш Пхеньянның ядролық мәлімдемесін ақырын түрде жылы қабылдап, тез арада шектеулерді жеңілдету шараларын жариялады. Бірнеше жылға созылған келіссөздерден кейін 2007 жылдың ақпан айында Пхеньянның ядролық қарусыздануы туралы келісім жасалған болатын.
XS
SM
MD
LG