Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Зимбабведегі президенттік сайлаудың екінші туры өткеніне қынжылыс білдірді


Зимбабведегі президенттік сайлаудың екінші айналымында әділ де еркін сайлау өткізу шарттары сақталған жоқ деп атап көрсеткенімен де, Қауіпсіздік кеңесі сайлау нәтижелерін заңсыз деп хабарламады. Сайлауға жалғыз кандидат болып, Зимбабвенің қазіргі басшысы Роберт Мугабе түскен еді. Оппозиция жетекшісі Морган Цвангираи өз өмірі мен туыстарының өмірінен қауіптенгендіктен кандидатурасын қайтарып алған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG