Accessibility links

Мугабе президенттік сайлаудың екінші турында айқын жеңіске жеттім деп мәлімдеді


Зимбабве басшысы мемлекеттік теледидардан сөйлеген сөзінде жұма күні өткен дауыс берулердің ресми емес нәтижелері осылайша мәлімдеуіме хұқ береді деп атап көрсеткен. Елді 28 жылдан бері билеп келе жатқан Роберт Мугабе екінші тур сайлауына жалғыз өзі түскен болатын. Бірінші турда жеңіске жеткен оппозиция жетекшісі Морган Цвангираи өзінің және жақын-туыстарының өміріне билік тарабынан қастандық жасала ма деп қорыққандықтан, кандидатурасны қайтарып алған-ды. Әлемдік қауымдастық Зимбабведе президенттік сайлаудың екінші туры өткізілгендігін айыптады. АҚШ президенті Дж. Буш Зимбабвеге санкция енгіземіз деп ескертті. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сайлаудың екінші туры бұлайша өткізілгеніне қатты қынжылыс білдірді.
XS
SM
MD
LG