Accessibility links

Президент Назарбаев демократиялық өзгерістер қалай жүру керектігін мәлімдеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 2008 жыл

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 2008 жыл

Маусымның 29 күні Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының 17 сессиясының бірінші күнінде бірнеше мәлімдеме жасады. «Қазақстанда кем дегенде екі партиялық парламент құратын механизм жасау керек, бірақ, партия жасау біздің Конституцияға сай болу керек. Екіншіден, БАҚ жұмысын реттейтін артық кедергілер жойылу керек, бірақ, мемлекет қоғамдық қауіпсіздікті бақылау керек», деді ол. Ал бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері ресми биліктің бұл мәлімдемелерін кезекті көзбояушылық деп бағалап отыр.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамды әрмен қарай демократияландыру үшін Қазақстанда кем дегенде екі партиялық парламент құратын механизм жасау керектігін мәлімдеді.

«Бірақ, саяси партия жасау және олардың әрекеті біздің Конституцияға қатаң сай болу керек», - деді ол.

Оппозициялық саясаткер Зәуреш Батталова осыдан бір жыл бұрын ғана елде пайда бірпартиялық парламенттің пайда болуына ең алдымен президент Назарбаевтың өзі еңбек сіңіргенін айта келе, ресми Астананың бұл мәлімдемесінің шынайылығына күмән келтіреді.

Ал бірпартиялық парламент мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов былтыр өткен парламент сайлауында бір партияға дауыс беріп сайлаушылар өз таңдауын жасаған болатын дейді.

Президент Назарбаев елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын реттейтін артық бюрократиялық кедергілер жойылуы тиіс екендігін айтты.

«Бірақ, мемлекет конфессионалдық, қоғамдық қауіпсіздікті бақылау керек», - деп ескертті ол.

Бұл сөзді құптап қабылдаған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов бұқаралық ақпарат құралын қадағалаусыз қалдыруға болмайды деп санайды.

Астанадағы жиынға қатысып отырған үкіметтік емес ұйымдардың бірінің өкілі - Польшадағы қазақ қауымдастығының төрайымы Балли Мажец Қазақстан басшысының бүгінгі айтылған мәлімдемелерін кезекті көзбояушылық деп бағалады.

Кейбір шет елдік сарапшылар, Қазақстан адам құқықтары жөніндегі көптеген халықаралық пактілерге қосылып жатқанымен оларды қолданысқа енгізуге асығыстық танытпай отыр дейді.
XS
SM
MD
LG