Accessibility links

Ирақ үкіметі алты мұнай айлағын игеруге шетел компанияларын шақырды


Мұны Ирақ мұнай министрі Хұсейн Әл-Шахристани Бағдад қаласында бүгін жариялады. Шетел компаниялары Румайла, Киркөк, Забуир, Батыс Құрна-1, Бай Хасан, Майсан мұнай кеңорындарын және екі газ кеңорнын ұзақ мерзімде игеруге шақырылмақ. Соңғы ондаған жылдардан бері шетел компаниялары Ирақ мұнай-газ саласына алғаш рет шақырылып отыр. Ирақтың мұнай қоры әлемде Сауыд Арабиясы мен Ираннан кейін үшінші орында.
XS
SM
MD
LG