Accessibility links

Маусымда Ирақта түрлі қастандық пен шабуылдан қаза тапқандардың саны, алдыңғы аймен салыстырғанда, 10 пайызға кеміді


БАҒДАД: Ирақта маусым айында түрлі террорлық қастандық пен шабуылдың салдарынан 509 адам құрбан болды. Жергілікті үкіметтің мәліметіне сәйкес, олардың басым көпшілігі бейбіт тұрғындар. Олардың ішінде 40 полицей мен 21 әскери қызметкер бар. Сонымен бірге Ирақ үкіметі өткен айда елдегі қантөгістің 10 пайызға кемігенін атап көрсетті. АҚШ армиясының басшылығы оның бір себебі Ираққа қосымша әскердің орналасуы деп есептейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG