Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО күштері 30 содырды, ал АҚШ әскері 28 содырды жойды


КАБУЛ: Ауғанстандағы НАТО-ның басқаруындағы халықаралық күштердің әуе шабуылдары нәтижесінде 30 содырдың көзі жойылды. Әскерилердің хабарлауынша, НАТО-ның барлаушы ұшағы тәліптерді Пәкістан шекарасына жақын Хост облысының аумағын әуеден қадағалап жүрген дүйсенбі күні кешкісін байқап, соққы берген. Оның қарсаңында ауған үкіметі хабарлағандай, елдің оңтүстік-батысындағы Нимроз облысында АҚШ әскері 28 тәліптің көзін құртқан. Ассошиейтед Пресс агентігінің мәліметі бойынша, биыл ғана Ауғанстандағы қантөгістің барысында 2100-ден астам адам қырылған.
XS
SM
MD
LG