Accessibility links

Еуропа Одағының Конституциясы болуға тиіс “Лиссабон келісімінің” тағдыры ауырлай түсті


ВАРШАВА: Поляк президенті Лех Качиньски өткен айда Ирландиядағы референдумда қабылданбаған “Лиссабон келісіміне” қол қоюдың ешқандай қиысыны жоқ деп, Еуроодақтың конституциясы болуға тиіс құжатқа қол қоюдан бас тартты. Кеше Германияның президенті Хорст Кэлер (Horst Koehler) Конституциялық соттың шешімін күтіп, “Лиссабон келісімін” бекітуді кейінге қалдырды. Келісім өз күшіне ену үшін оны Еуроодақтың барлық 27 мүшесі мақұлдауға тиіс. Өткен дүйсенбі күні Еуроодаққа төраға болу міндетін Словениядан Франция қабылдап алған соң, “Лиссабон келісімінің” тағдыры тіпті ауырлай түсті.
XS
SM
MD
LG