Accessibility links

Түркияның Конституциялық соты билік басындағы партияны жабуы мүмкін


АНКАРА: Бүгін Түркияның прокуратурасы билік басындағы Әділет және даму партиясын жабу үшін оны “ислам мемлекетін құру үшін елдің зайырлы құрылымын өзгертуді көздейді” деп айыптады. Аппеляциялық соттың Бас прокуроры Әбдурахман Ялчинкая (Abdurrahman Yalcinkaya) осы айып бойынша дәлелдерін Конституциялық соттың судьялары алдында тізіп жатыр. Түрік премьер-министрі Р.Т.Ердоған бастаған Әділет және даму партиясы “саяси астары” бар деп, бұл айыптарды мойындамайды. Саяси партия өз уәждерін бейсенбі күні жариялауға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG