Accessibility links

АҚШ Конгресі Ақорданың демократиялық реформаларды тереңдетуін қалайды


АСТАНА: Қазақстанда сапарда жүрген АҚШ Конгресінің делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010-ыншы жылы төраға болуының алдында Ақорданы демократиялық реформаларын жеделдетуге шақырды. АҚШ сенаторы Бенджамин Кардин бастаған делегация Астанада президент Н.Назарбаевпен, саяси оппозицияның серкелерімен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Еуропалық ұйымның өткен жылы Мадридте өткен саммитінде Ақорда сайлау, саяси партиялар және баспасөз құралдары туралы заңдарын өзгертуге сөз берген болатын. Сенатор Кардин осы салалардағы реформаларын тереңдету керектігін атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG