Accessibility links

Еуропа ұйымдары Қырғыз билігін заңдарды халықаралық стандартқа сай етіп жасауға шақырды


Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық мекемелер мен адам құқықтары бойынша кеңсесі және Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы Қырғызстанда адамдардың жиналу бостандығын шектейтін заңға енгізілген толықтыруларға байланысты алаңдаушылық білдірді. Бірлескен мәлімдемесінде аталған екі ұйым Қырғыз билігін заңдарды халықаралық стандартқа сай етіп жасауға шақырды. Маусым айында Қырғыз парламенті заңға енгізілген әлгі толықтыруларды мақұлдап, президент Құрманбек Бәкиевке жіберген болатын.
XS
SM
MD
LG