Accessibility links

Армения президенті Түркия басшысын Еревандағы футболды тамашалауға шақырды


Армения президенті Серж Саркисян Түркия президенті Абдулла Гүлді Ереванда өтетін футбол ойынын бірге тамашалауға шақырды. Бұл екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас тоқтап қалған. Саркисянның баспасөз-хатшысы хабарлағандай, Гүл қыркүйектің 6-да Ереванда Армения мен Түркия командалары арасында болатын Әлем Кубогына қатысты футболды тамашалауға шақырылған. Анкарадан әлі ресми жауап болмады.
XS
SM
MD
LG