Accessibility links

Еуроодақ Оңтүстік Осетиядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді


Грузияның жікшілдік аймағы Оңтүстік Осетияда көбейе түскен зорлық-зомбылық әрекеттеріне байланысты Еуропа Одағы алаңдаушылық білдіріп, барлық жақтарды ұстамдылыққа шақырды. Жұма күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Тбилисиді Грузияның жікшілдік аймақтарындағы агрессияның алдын алатын құжатқа қол қоюға шақырған болатын. Таяуда Оңтүстік Осетияда Грузия сарбаздары мен сепаратистердің арасында болған қақтығыстарда кемінде екі адам өлтірілген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG