Accessibility links

“Сегіздік тобы” ғаламдық азық-түлік дағдарысын талқылайды


Алдағы аптада өтетін саммит барысында “Сегіздік тобы” елдері азық-түлік бағаларының күрт өсуімен күресу мақсатында бірқатар шараларды мақұлдайды. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель неміс басылымына берген сұхбатында хабарлады. Меркельдің айтуынша, бұл шаралар ғаламдық азық-түлік өндірісін дамыту мақсатында қысқа мерзімді жеңілдік және ұзақ мерзімді стратегиямен қамтамасыз етуге бағытталатын болады. “Сегіздік тобына” Германия, Канада, Франция, Италия, Британия, Жапония, Ресей және АҚШ елдері мүше болып табылады. Аталған мемлекеттердің басшылары шілденің 7-і күні Жапонияның Тояко қаласында бас қосады.
XS
SM
MD
LG