Accessibility links

Астананың мерейтойына қатысу үшін Қазақстанға қонақтар келуде


Бүгін Астанада Қазақстан астанасының 10 жылдығы қарсаңында салтанатты жиын өтіп жатыр. Салтанатқа қатысқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп мәлімдеді:

«Сол жылдары біз көптеген сынақтан өттік. Яғни, біз жаңа мемлекет құрып, дағдарыстардан аман-есен өтуіміз керек еді».

Астананың 10-жылдық мерейтойына қатысу үшін Қазақстанға ТМД мен Түркия елдерінің басшылары келді деп хабарланып отыр. 6-шы шілдеде Астана күні мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі және бұл күні Назарбаев 68 жасқа толады.
XS
SM
MD
LG