Accessibility links

АҚШ әскерилері бейбіт тұрғындар құрбан болды деген айыптауларды тексеруде


Ауғанстанның шығысында жексенбі күні әуе шабуылдары барысында үйлену тойындағы қонақтардың 40-қа жуығы құрбан болды, қаза тапқандардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар деп мәлімдеген еді жергілікті тұрғындар. АҚШ әскерилері әуе шабуылдары Нангархар аймағындағы бүлікшілердің үлкен тобын көздеген болатын, онда ешбір бейбіт тұрғын болмауы керек еді дейді. Дегенмен де Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Ауғанстанның шығысындағы басқа бір әуе шабуылында 15 кісі қаза тапты деп айтылған жайтты да тергеп-тексеруді сұрады.
XS
SM
MD
LG