Accessibility links

Ирақтың солтүстігінде бомба жарылысынан 4 мердігер қаза тапты


АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Ирақтың солтүстігінде жол бойына қойылған бомба жарылысынан 4 мердігер қаза тауып, 8-і жараланған. Дүйсенбі күнгі шабуыл Мосул қаласындағы көлік керуенін нысанаға алған. Құрбан болғандардың қай елден екендігі айтылмай отыр. Мердігер жұмысшылар Ирақтағы АҚШ әскерилеріне жүк жеткізіп тұрған. АҚШ қолбасшылары Мосулды Әл-Қаиданың бекінген қаласы деп түсіндіреді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG