Accessibility links

Пәкістан Қабулдағы бомба жарылысының артында тұрмағанын мәлімдеді


Бүгін Пәкістан премьер министрі Юсуф Раза Гилани өз елінің 41 адамның өліміне әкелген Қабул қаласындағы Үндістан елшілігі сыртында болған шабуылға қатысы жоқ екенін айтты. Ауғаныстан үкіметі дүйсенбі күнгі шабуыл аймақтағы Пәкістан сияқты шетелдік барлаудың толық қолдауынсыз мақсатына жетпеген болар еді деген. Пәкістан премьер министрі өзінің Малайзиядағы сапары барысында журналистерге, екі ел де ортақ ислам терроризмімен күресіп жатқанда, Пәкістанның көрші Ауғаныстанда былық жасау мүддесі жоқ деді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG