Accessibility links

Үлкен Сегіздік тобы 2050 жылға дейін көмірқышқыл газын азайтуға келісті


Токиода өтіп жатқан “Үлкен Сегіздік тобының” бүгінгі жиыны ғаламдың жылынуға арналып отыр. Әлемнің өнеркәсібі дамыған елдері ғаламдық жылынудың алдын алу үшін 2050 жылға дейін көмірқышқыл газын 50 пайызға азайтуға келісіп отыр дейді, Жапония үкімет басшысы Ясуо Фукуда:

“Үлкен Сегіздік” 2050 жылға дейін өсімжай газынан бөлініп отырған газды 50 пайызға азайту қажеттігі жөнінде ортақ пікірге келді”.

Үлкен Сегіздік жетекшілері өсімдікжайдан бөлінетін газды 2050 жылға дейін азайту тұрғысында климаттың жылынуы жөніндегі конвенцияға қол қойған БҰҰ-на мүше 200-дей елмен бірлесе жұмыс жасайды деді. Қоршаған ортаны қорғаушылар болса, көмірқышқыл газының бөлінуін 50 пайызға қысқарту жеткіліксіз деп, оны 2020 жылға дейін қысқартуға шақырып келген.
XS
SM
MD
LG