Accessibility links

Райс: АҚШ Иранмен ядролық теке-тірестің бейбіт аяқталғанын қалайды


Сейсенбі күні Фарда радиосына берген сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені дипломатиялық жолмен шешуге болады деді. АҚШ немесе Израил Иранның ядролық орындарына қарсы әскери шабуылдарға баруы мүмкін бе деген сауалға Кондолиза Райс президент Дж.Буш Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін бейбіт жағдаймен шешкісі келетіндігін анық айтқан болатын деп жауап берді. Мұның алдында Иран рухани көсемінің көмекшісі егер Иранға шабуыл жасалса, Теһран әлемнің әр түкпіріндегі АҚШ нысандары мен Тель-Авивке қарсы шабуылдайтын болады деп айтқан еді.
XS
SM
MD
LG