Accessibility links

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысында отставкадағы генерал қаза болды


Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында ісі қаралып жатқан отставкадағы генерал-майор Жомарт Мәжреновтің 8-ші шілдеде өзіне-өзі қол жұмсап қайтыс болғанын қауіпсіздік комиетінің баспасөз қызметі растаған. Генерал-майор 1983 жылдан Қазақстанның қауіпсіздік қызметтерінде басшылық жұмыстар атқарған. 2007 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін генералдың қарамағында қызмет еткен 12 адамға қарсы қылмыстық іс қозғалғандықтан, Мәжренов те қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Дегенмен де, осы салада көп жыл қызмет еткен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мамандары ол абақтыда адамның өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін еместігін айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG