Accessibility links

К. Райс: Ресей Грузиямен шиеленіске от салмай, оны шешуі тиіс


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ресей Грузиядағы шиеленіске май құймай, оны шешуге үлес қосуы қажет деді. Бұл туралы Райс ханым Тбилисиде Грузия президенті Михайл Саакашвилимен бірге баспасөз мәслихатын өткізгенде айтты. АҚШ пен Грузияның келіссөздері Мәскеу мен Тбилиси арасында Грузияның жікшіл аймақтары Абхазия мен оңтүстік Осетияға байланысты теке-тірес орын алған тұста болып отыр. Кеше Ресей мен Грузия бірін-бірі Оңтүстік Осетия үстінде қырғи ұшақ ұшырды деп айыптады. Аптаның басында мәскеушіл Абхазия жікшілдері Грузияны өз аймағындағы адам шығынын әкелген бомба жарылысы үшін айыптағанымен, оны Тбилиси қабылдамады.
XS
SM
MD
LG