Accessibility links

К. Райс Иранға АҚШ өз одақтастарын қорғауға дайын деді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Құрама Штаттардың өз одақтастарын болуы мүмкін шабуылдан қорғайтынына Иранның күмәні болмауы керек деді. Грузияда сапармен жүрген Райс ханым бұл туралы Иран Израйлге жететіндей зымыран сынақтарын жасаған соң айтып отыр. Теһранның ядролық бағдарламасына АҚШ пен Батыс елдерінің қарсылығы күшейіп тұрған сәтте, кеше Иран зымыран сынақтарын өткізді. Райстың бүгінгі мәлімдемесінен кейін-ақ, ирандық телеарналар Парсы шығанағында тағы да зымыран сынақтарын жасағанын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG