Accessibility links

Грузия Ресейді егемендігімізге қол сұғып отыр деп айыптады


Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Мәскеудің қимыл-әрекеттері Грузияның ғана емес, бүкіл Кавказ аймағының қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп атап көрсетілген. Грузия билігінің бұлайша айыптауына Ресей әскери ұшақтарының Оңтүстік Осетияның үстінен ұшып өтуі негіз болған. Грузия Мәскеудегі елшісін кеңесулерге шақырып алды. Тбилисиде Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездескен АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Грузияның жікшіл аймағындағы дауды шешудің жаңа жолдарын қарастыруға шақырды. Грузия Мәскеу елшісін келіссөздерге шақыруда.
XS
SM
MD
LG