Accessibility links

Сребреница қырғыны құрбандарының мүрделері қайта жерленді


1995 жылы Боснияның Сребреница мекенінде Серб күштері 8 мыңнан астам мұсылман еркек кіндіктілерін, олардың арасында балалар да бар, атып тастаған болатын. Сол қырғынның 13 жылдығы аталып өту барысында 300 дей адамның жаңадан табылған мүрде қалдықтарын арулап, қайта жерлеу рәсіміне мыңдаған босниялық мұсылмандар қатысуда. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропада орын алған жантүршігерлік қатыгездік еді. Қазірге дейін қаланың сыртындағы ескерткіш кесенеге 2900дей құрбанның мүрдесі қайта жерленді. Әлі де мыңдаған адамның дене қалдықтары қазылып алынып, анықталып, қайта жерленуі керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG