Accessibility links

С.Лавров: Иранның зымыран сынағы АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесінің қажет еместігін көрсетті


Ресей сыртқы істер министрі осы аптада Теһранның өткізген зымыран сынақтары Иранда бұндай қару-жарақ мүмкіндігінің шектеулі екендігін байқатты, демек Еуропада американдық зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастырудың қажеттілігі жоқ деп атап өткен. Сергей Лавров бұл пікірді Иран екі күн бойына зымыран ұшырғаннан кейін айтты, сынақтан өткізілген зымырандардың кейбірі Израилға дейін жетеді деп сипатталған болатын. Ресей АҚШ-тың Орталық Еуропада зымырандық қорғаныс жүйесін орналастыру жоспары Ираннан болуы мүмкін шабуылға қарсы бағытталған деген уәжін қабылдамай, бұл өзінің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп мәлімдеп келе жатқандығы белгілі.
XS
SM
MD
LG