Accessibility links

Британия үкіметі Зимбабвені қолдаған Ресей мен Қытайды айыптады


Британия үкіметі Зимбабве жайында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі қаулысының жобасына вето жариялаған Ресей үкіметіне өкініш айтты. Батыс мемлекеттері Зимбабведе президент сайлауының бұрмаланғанын айыптап, билігін тағы да ұзарта түскен Роберт Мугабенің үкіметіне қарсы шара қолданбақ болды. Алайда, Қауіпсіздік Кеңесінің қаулы жобасын Ресей мен Қытай өкілдері өткізбей тастады. Британия сыртқы істер министрі Дэвид Милибанд Ресей үкіметі таяуда өткен “Үлкен сегіздік” саммитінде уәде беріп еді, алайда Зимбабве үкіметіне қарсы қаулы шығартқызбай тастады деп өкініш айтты. Британия министрі Қытай үкіметін де сынады.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG