Accessibility links

Б. Кушнер Париж саммитін Таяу шығыс үшін үміт уақыты деді


Франция сыртқы істер министрі Бернард Кушнер бүгінгі Жерорта теңізі аймағы одағының Париждегі саммитін Таяу Шығыс үшін “үміт уақыты” деп атады. Еуропа елдері мен Таяу Шығыстағы 43 елдің өкілдері қатысып жатқан бұл саммитте экономикалық дамудың ұжымдық жобасы, бейбітшілік, заң тәртіптері мен бірауыздылық мәселелері қаралып жатыр. Саммитті таяуда Еуропа Одағына кезекті төрағалықты алған Франция президенті Николя Саркози басқарып отыр.

“Мен Сирия президенті Башар әл Ассадтың Ливан елінде дипломатиялық өкілдік ашу туралы айтқаны Франция үшін де тарихи қадам екенін айтқым келеді. Бейрут та өз кезегінде Дамаскіде өз өкілдігін ашуы керек”, - деді Николя Саркози.

Сонымен қатар, Сирия президенті Францияны Дамаск пен Израйл келіссөздеріне арағайындық жасауға шақырды деген Саркози ол келіссөздер таяу күндері басталады деді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG