Accessibility links

Чехияда көшпенділер кездесуі атты бейресми жиын өтті


Сенбі күні Прага қаласы маңындағы Ледсе ауылында көшпенділердің кездесуі деген бейресми мереке өтті. Қазақстан мен Монғол елдерінің Чехиядағы елшіліктерінің қолдауымен, қазақ, монғол мәдени орталықтары ұйымдастырған шараға Чехияда тұрып жатқан қазақ, монғол, қырғыз, өзбек, татар, орыс, украин ұлттарының өкілдері қатысты. Бұл шараның мақсаты - чех еліне көшпенді халықтың өмірінен көрініс көрсетіп, көшпенділердің мәдениеті мен әдет-ғұрпы туралы түсінік беру болды.
XS
SM
MD
LG