Accessibility links

Жоғалып кеткен американдықтың әйелі Теһранға бармақшы


АҚШ Федералдық барлау агенттігінің бұрынғы қызметкері 2007 жылы наурыз айында Иранға барған сапарында хабарсыз-ошарсыз кеткен еді. Оның жұбайы Кристина Левинсон дүйсенбі күні АҚШ мемлекеттік департаменті басшыларының бірі Уиллиям Бернспен кездесіп, күйеуін іздестіру мәселесін талқылаған. АҚШ Швейцария үкіметі арқылы жоғалып кеткен азаматы жайында ақпарат дерек беруін өтініп, Теһранға бірнеше рет қайрылған болатын. Дүйсенбі күні АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз-хатшысы Шон Маккормак Иранды жоғалған американдық жайында қандай да бір жаңа деректер болса беруге шақырды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG