Accessibility links

Судан геноцид айыбын мойындамады


Дүйсенбі күні Халықаралық қылмыстық сотта Бас прокурор Судан президенті Омар әл-Баширге соғыс қылмыстарын, геноцид және адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айыптар тағып, оны қамауға алу жөнінде бұйрық берген болатын. Бүгін Судан президенті бұл айыптардың барлығы да жалған деп, оны кері қақты. Бұл аралықта вице-президент Әли Осман Таһа Дарфурда жұмыс істеп жатқан ізгілік көмек жұмыскерлерінің қауіпсіздігіне кепілідік бере алмаймыз деп атап өтті. 2003 жылы Дарфурда араб милициясының шабуылдары мен қақтығыстары басталғаннан бері жүздеген мың адам қаза тауып, миллиондаған тұрғын баспаналарын тастап босып кетуге мәжбүр болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG