Accessibility links

Грузияда АҚШ әскерлерінің қатысуымен әскери жаттығулар басталып кетті


Бүгін басталған бұл халықаралық әскери оқу-жаттығуларына американдық 1 мыңдай жасақпен бірге Грузияның 600 әскері және Армения, Әзірбайжан, Украинадан аздаған жасақтар қатысуда. Тбилисидің маңындағы әскери базадағы бұл жаттығулар бір айға созылады. Жаттығулардың Грузияның сепаратистік аймақтарына байланысты Ресеймен арасында қалыптасқан күрделі қарым-қатынастарға ешқандай қатысы жоқ деп атап көрсеткен шенеуніктер. Грузияның одақтасы АҚШ оның НАТО-ға қосылуына қолдау білдіреді, ал оған Ресейдің наразылық танытатындығы аян.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG