Accessibility links

Еуропа Одағы Караджичтің тұтқындалуын құптады


Еуропа Одағы ресмилері Босниялық сербтердің бұрынғы басшысы Радован Караджичтің тұтқындалуын жылы қарсы алды. Бүгін Брюссельде Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозо Караджичтің қамауға алынуы жаңа Сербия үкіметінің БҰҰ трибуналымен ынтымақтасқысы келетіндігін дәлелдеді деп мәлімдеді. Ал Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана Караджичтің тұтқындалуына байланысты Сербия үкіметін мадақтап, бірақ Белградты бұрынғы Босниялық серб армиясының қолбасшысы Ратко Младичті қамауға алу бағытында көбірек жұмыс атқаруға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG