Accessibility links

Ресей мен Грузия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде айтысты


Ресей мен Грузия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде айтысты. Жабық есік жағдайда өткен талқылаудан кейін Грузия елшісі Иракли Аласания кеңестің көптеген мүшесі Грузияның территориялдық біртұтастығын қолдап, Ресейдің Грузияның әуе кеңістігіндегі ережелерді бұзғанын айыптады деп мәлімдеді. Ресми Тбилиси шілденің 8-і күні Ресейдің әскери ұшағы Грузияның әуе кеңістігіне заңсыз кірді деп айыптаған болатын. Осыған байланысты Қауіпсіздік Кеңесінде өткен талқылаулардың алдында Ресей елшісі Виталий Чуркин Тбилисиді “арандатушылық әрекеттерін” тоқтатып, сепаратистік Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарындағы теке-тіресті жеңілдету бағытында жұмыс істеуге шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG