Accessibility links

Қазақ қоғамында көп әйел алушылық және оны заңдастыру мәселесі парламент депутаттары тарапынан дүркін-дүркін сөз болып келе жатқаны мәлім.

Жақында Иран парламентінің заңдылық және әділет істері жөніндегі комитеті "Отбасы туралы" заңға бәйбішенің келісімін сұрамай-ақ, екінші әйел алуға мұрсат ететін бапты мақұлдады, тек онда назар аударатын бір жайт- егер дәулетіңіз тасып жатса делінеді, демек, бір емес бірнеше отбасын асырай алсаңыз, деген ой жатыр оның астарында.

Иранда көп әйел алушылық бұған дейін де болған, бірақ ол Шариғат заңы бойынша бірінші әйелдің келісімімен жүзеге асып келген. Иран мәжілісі комитетінің депутаттары ендігі жерде бұл келісім қажет емес деп есептейді.

Қазақ қоғамында да көп әйел алушылық және оны заңдастыру мәселесі парламент депутаттары тарапынан дүркін-дүркін сөз болып келе жатқаны мәлім.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның көршісі - Қырғызстан парламентінің депутаттары көп әйел алушылықты талқылай келіп, дауысқа салған кезде бір ғана дауыс жетпей, өтпей қалғаны бар. Бертінде бұл мәселені Қырғызстанның Әділет министрі де бірнеше мәрте көтерген болатын.

Жақында қазақстандық газеттердің бірінен "Тоқалдар топырлатып бала табады деп кім айтты?" деген мақаланы көріп қалған едік.
Көп әйел алу көшпелі дәуірдегі қазақ арасында ертеден қалыптасқан дәстүр екендігі белгілі. Бірнеше әйелінен тараған көп балалы отбасын адами жарасымды қарым-қатынастармен, ынтымақпен ұстаған ерлер қазақта аз болмаған.

Советтік дәуірді бастан кешірген азаматтардың ұрпақтары - бүгінгі 21 ғасыр жастарының құлағына көп әйел алушылық туралы әңгіме анайы, жат естілері анық.
Бірақ... Осы бірақтың аржағында бүгінгі күннің шындығы бүркемеленіп жатқандай.
Бүгінгі қоғамда жасырын жағдайдағы екі емес тіпті одан да көп әйелі бар ер азаматты табу үшін көп қинала қоймайсыз. Олардың айырмашылығы- жаһанға жар салып жарияламайды, өз есебі өзінде.

Есесіне некесіз туған сәбилер, тірі жетімдер, болмаса ер-азаматынан көмек қолдау болмай, қиналған сәтте бауыр еті баласын жетімханаға тапсыратын көкек аналар көбейген.
Олай болса, тоқал топырлатып бала таппаса да, бір-екі баламен шектеліп қалған бәйбішенің балаларына іні-қарындас боларлық бірер сәбиді дүниеге әкелсе, бір жағы демография өсімі түзеліп, екінші жағынан некесіз туған тірі жетімдер азаяр ма еді....

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG