Accessibility links

Барак Обама Рамадиде суннит басшыларымен кездесті


АҚШ-тың Демократтар партиясынан президент сайлауына үміткер ретінде түсетін Барак Обама бүлікшілерге қарсы күресте АҚШ пен Ирақ күштеріне қосылған тайпа басшыларымен кездесті. Қазір Ирақта сапармен жүрген Обама өткен жылы Ирақтағы Әл-Қаидаға қарсы шыққан суннит жетекшілерімен кездесу үшін бүгін Анбар өлкесінің Рамади қаласына барды. Ирақтан кейін Обама Иорданияға аттанады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG