Accessibility links

Қызылордада күкіртті сутегіден уланып екі адам қаза болды


Қызылорда қаласында күкіртті сутегіден уланған екінші адам 22 шілде күні сағат 06.20-да ауруханада көз жұмды деп хабарлады сәрсенбі күні «Азаттыққа» Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің кезекшісі Марсел Аманов. Шілденің 20-күні түскі сағат 12.30 кезінде Қызылорда қаласындағы Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан сарқын су сорғыш станциясында күкіртті сутегіден уланып қалған үш жұмысшы облыстық медицина орталығына жеткізіліп, реанимация бөліміне жатқызылған болатын. Уланғандардың бірі 21 шілде күні сағат 11 шамасында есін жимастан қаза болды. Ал дәрігерлер денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп тапқан үшінші адам сол күні ауруханадан шыққан.
XS
SM
MD
LG