Accessibility links

Тараздық журналистер әріптесіне араша сұрап, дабыл көтерді


Жамбыл облысының бір топ журналистері мен қоғамдық ұйым өкілдері республикалық «Литер» газетінің Тараздағы тілшісі Зарина Нокрабекованың қалалық жедел-жәрдем ауруханасындағы проблемалар жайында жазған сыни мақаласы үшін аталған аурухананың бас дәрігері, кек алу мақсатында, журналист әйелді зорламақшы болғанын айтып, Қазақстанның журналистік ұйымдарына үндеу жасады. Бас дәрігердің қылығын баспасөз өкіліне жасалған қысым және бүкіл журналистер қауымына сес көрсету деп бағалаған үндеу авторлары, осы мәселені түбегейлі тергеп, журналистің заңды құқықтары мен сөз бостандығы принципін қорғауды талап етіп отыр. Бас дәрігер бұл айыптауларға байланысты әзірге ешқандай жауап берген жоқ. Нокрабекованың өзі сәрсенбі күні «Азаттыққа» берген сұхбатында, маусымның 27-күні болған әлгі оқиғадан соң іле-шала берген арызын жергілікті заң орындары бірден қабылдамай, өзін қорқытып-үркіту арқылы арызды қайтарып алуға мәжбүрлегенін айтты.
XS
SM
MD
LG