Accessibility links

Радован Караджич өзін Гаага трибуналына тапсыру шешіміне наразы


Бұл жөнінде хабарлаған оның адвокаты Караджич жұмаға дейін Гаага сотына тапсыру туралы шешімге қарсы талап арыз түсіруге уақыты бар деп айтқан.

Кеше Сербия сотының судьясы дүйсенбі күні ұсталған Караджичті БҰҰ-ң халықаралық соғыс қылмыстары сотына тапсыру жөнінде бұйрық еткен еді.

Билік ұзақ жылдар іздеуде болған Караджич жалған ат жамылып Белградта тұрған және дәрігер болып жұмыс істеген дейді.

Батыстық жетекшілер 1992-1995 жылдардағы Босния соғысында геноцид жасады деп айыпталатын Караджичтің тұтқындалғанын құптап қарсы алды. Сондай-ақ оның соғыстағы сыбайласы, генерал Ратко Младич те тез арада қолға түседі деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG