Accessibility links

Еурокомиссия Болгарияға көмекті тоқтатып, Румынияны сынға алды


Европа комиссиясының сарапшылары Болгарияға бөлінетін бірнеше миллион еуро қаржылай көмекті ол елдегі сыбайласқан жемқорлық пен басқару тетіктерінің жетілдірілмегені үшін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде бүгін комиссия өкілі баспасөз-мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша Румыния да жемқорлық деңгейін төмендету шараларын жүзеге асыра алмай отырғаны үшін сын садағына ілінген, бірақ ол мемлекетке қатысты санкция қолданылмаған.

Румыния мен Болгария Евродаққа 2007 жылы қосылған болатын.
XS
SM
MD
LG