Accessibility links

Г.Кожевникова: Ресейде нәсілшілдікпен күресуге саяси жігер жоқ


Сова орталығы директорының орынбасары Галина Кожевникова

Сова орталығы директорының орынбасары Галина Кожевникова

Осы жылы Ресейде нәсілшілдік жеккөрушілік салдарынан болған қылмыстар өсе түсті. Нәсілшілдік негіздегі зорлық-зомбылық әрекеттеріне не себеп болып отыр?

Жеккөрушіліктен туындайтын қылмыстарды бақылаумен айналысатын Мәскеуде орналасқан “Сова” орталығы директорының орынбасары Галина Кожевникова Азат Еуропа – Азаттық радиосының орыс қызметіне берген сұхбатында: "Біз осы жылы нео-нацистердің Мәскеудегі шабуылдарының көбеюі мен құқық қорғау органдарының әрекеттерінің өсе түсуі арасында нағыз байланысты көріп отырмыз" деді.

Жазасыз жүруге үйреніп қалған жасырын нео-нацисттік топтар кенеттен полиция мен прокуратураның белсенді шараларына тап болды. Қаңтар, ақпан және наурыз айларында нәсілшілдік негіздегі шабуылдарға қатысқандар немесе күдіктілер күнде қамауға алынып жатты. Мұндай топтар қамауға алынған сайын нео-нацисттік ұйымдар дереу жауап ретінде біреулерді өлтіріп, немесе біреуге шабуыл жасады. Бұл ашық түрде қарсылық еді. Қазір ол аяқталды. Бәлки мұндай топтардың бұлақтары сарқылған болар. Бірақ құқық қорғау органдарының әрекеттері мен олардың іс-қимылдарының деңгейі бірқатар субьективтік факторларға байланысты шығар. Мысалы, нео-нацистермен күресуге ниет танытқан жаңа прокурор тағайындалды, жұмыс пен қылмыстық істер басталды. Кейін ол басқа қызметке ауысып кетеді де, нео-нацистерге қарсы күрес тоқтап қалады дейді Кожевникова.
"Біз осы жылы нео-нацистердің Мәскеудегі шабуылдарының көбеюі мен құқық қорғау органдарының әрекеттерінің өсе түсуі арасында нағыз байланысты көріп отырмыз"


Оның айтуынша, мұндай жайттар бірнеше аймақта орын алды. Бұл жерде Воронежді ерекше мысал ретінде келтірсек болады. Онда прокуратураның осындай оқиғаларға деген көзқарасы өзгеріп, екі жылдың ішінде нәсілшілдік негіздегі шабуылдар жойылған-тұғын.
-Егер 2005 жылы Воронеж- Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларынан кейін скинхедтердің, яғни тақырбастардың астанасы деп саналса, ал енді олай емес, - дейді Кожевникова.

Оның атап көрсетуінше, үкімет іс жүзінде әрине ешнәрсе жасамай отыр, саяси жігер жоқ.
“Ресмилер көзбояушылық ретінде әйтеуір бір мәлімдемелер жасайды. Жаңа президент Дмитрий Медведевтің жасаған алғашқы мәлімдемелерінің арасында экстремизм мен нәсілшілдік жеккөрушілікке қарсы күрес жүргізу қажеттігі болған. Бірақ мұндай мәлімдемелер дереу шара қолдану туралы бұйрық ретінде ешқашан қарастырылмаған. Олар жай ғана шет мемлекеттерге бағытталған еді”, - дейді Кожевникова.
Оның пікірінше, үкімет бұл бағытта мықты ұзақ мерзімді жұмысты бастамаса ешнәрсе өзгермейді.
XS
SM
MD
LG