Accessibility links

Түркменстан азаматтары үшін шығу визасы жойылды, ал Өзбекстанда ол осы күнге дейін сақталып отыр. Бұл бұрынғы Совет одағында болған мемлекеттердің ішіндегі осы ережені сақтап қалған ең соңғы ел.

Бұрынғы Кеңес одағынан қалған әйгілі шығу визасы мінеки Түркменстанда да жойылып отыр. Алайда құпия қызметтің қара тізіміне енгізілген түркмен азаматтары бәрібір елден шыға алмайды. Қара тізімдегі адамдар қолында билеті мен төлқұжатында басқа елге кіретін визасы болса да, ұшақтан түсіріліп тасталады екен. Сөйтіп Түркменстанда іс жүзінде шығу визасы құпия қызметтің қара тізімімен ауыстырылды.

Ендігі жерде бұрынғы Кеңес одағы елдерінің арасында Өзбекстан ғана шығу визасын әлі өз күшінде сақтап отыр. Оған көршілес Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінде тіпті Беларусь мемлекетінде де мұндай виза баяғыда алып тасталған. Жалпы батыс елдерінің азаматтарына шығу визасы деген нәрсенің өзін түсіндіру- күрделі мәселе, себебі олардың көбісі басқа мемлекетке кіру визасы туралы біледі, ал шығу визасы жөнінде көп естімеген де шығар. Яғни бұрын мөр басылатын қазір енді төлқұжаттың визалар деген бөліміне жапсырылатын бұл қағазға қол жеткізу үдерісі “шетелге шығуға рұқсат алу” деп аталады. Екі жылға берілетін осы қағазсыз кез келген Өзбекстан азаматы өзінің төлқұжатымен шетелде еркін жүре алмайды. Шын мәнінде төлқұжаттың ішіне жапсырылатын бұл қағаз- Өзбекстаннан шығуға рұқсат қана емес, ол сонымен бірге төлқұжаттың жарайтын мерзімін шектейді. Демек, Өзбекстан азаматтары шетелге кеткен жағдайда әр екі жыл сайын еліне қайта барып, шығу визасын жаңалауы тиіс болады.

Мәселен, өткен жылы Чехия Шенген аймағына кірердің алдында бір өзбек азаматы Германия елшілігінен виза сұраған кезінде оған елшілік қызметкері “сіздің паспортыңыздың мерзімі өтіп кеткен” депті. Себебі төлқұжаттың ішінде шығу визасы деп жапсырылған әлгі қағазда “бұл төлқұжат екі жылға дейін” жарайды делінген. Ал шын мәнінде төлқұжаттың мерзімі әлі бітпеген болатын.
Сонымен Өзбекстан үкіметі өз азаматтарының өмірін қиындату арқылы нені көздейді?

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG